Алматыда құрлық әскерлері әскери институтының аумағынан 44 жастағы сержанттың денесі табылды. Ақпаратты ішкі істер министрлігі растады.
Бұл факт негізінде Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексi 105-бабы 1-бөлігі «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша іс қозғады. Полиция жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін жеткiзу бойынша тергеу жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.
Әскери институт бұдан өзге ақпарат бермеді.
Айта кетейік, Құрлық әскерлерінің әскери институты – ҚР қорғаныс министрлігінің әскери оқу орны.