Елімізде сабан шөптен электр энергиясы өндіріледі

Жоспар бойынша, кәсіпорын құрылысының арқасында 500-ге жуық қазақстандық жаңа жұмыс орнымен қамтылады.

Аталған кәсіпорын жобасының қуаттылығы жылына 10 миллион тоннаны құрайтын сұйық және қатты органикалық тыңайтқыштарды өңдіруге мүмкіншілік тудырады.

Сонымен қоса, зауытта көлемі 5 мың куб.метр құрайтын метан газын өндірсе, сол арқылы 120 млн кВт электр қуатын, 70 мың тонна биологиялық лигнинді Қытай, Еуропа елдеріне экспорттау мүмкіндігі пайда болады. Биологиялық лигнин – көптеген кәсіпорын мен медицинада қолданылатын бағалы химиялық шикізат.

Сонымен қатар, зауыт күнделікті 20 мың тонна сапалы қағаз өңдеуге қажетті целлюлоза шикізатын шығара алады.

Қытайлық компания бұл үшін Қазақстаннан жылына 500 мың тонна сабанмен қамтамасыз етуді сұрап отыр.

ДереккөзNaryk.kz