«Қазгидромет» РМК синоптиктері 23 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ болады. Тек батыста, оңтүстікте, қиыр оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі. Елдің барлық дерлік өңірінде төтенше және жоғары өрт қаупі бар.
