Қазақстанда биыл жарты жылда 5,5 млн автокөлік құралы тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,3%-ке артық.
Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
Оның 4,8 миллионы жеңіл автокөлік, 540,8 мыңы — жүк көлігі, ал 114,1 мыңы – автобус.
Автокөліктердің басым бөлігі Алматыда тіркелген. Сонымен қатар Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік көп. Ал автокөлігі аз облыстар – Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары.
Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының нөмірлері бар автокөлік құралдарының саны 9,4%-ке, яғни 157,3 мыңға дейін қысқарды. Аймақ белгіленбеген нөмірлері бар машиналардың саны 13%-ке, 294,4 мыңға дейін, ал дипломатиялық нөмір таққан автокөлік құралдарының саны 10%-ке, 48,8 мыңға дейін өсті, — делінген хабарламада.
Биылғы жарты жылда Қазақстан азаматтары 1 500-ден 2 000 текше метрге дейінгі қозғалтқышы бар көлікті жиі пайдаланған. Ондай көліктердің саны бір жылда 9,8%-ке өскен. Жалпы Қазақстанда жүрген көліктердің 81,9%-і бензинмен жүреді.
Ал көліктердің шыққан жылына зерттеу жүргізгенде, биыл жарты жылдағы көрсеткіш бойынша 2,5 миллон көліктің жасы 20 жылдан үлкен. Ал небәрі 335,2 мың көлік үш жыл ғана жүрілген.
