Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Түркістан: «Таза Қазақстан» акциясы аясында полицейлер 21 000-наң астам құқық бұзушылықты анықтады

Фото: Түркістан облысының әкімдігі
Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында, Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері 21 382 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде 13 220-сы жалпы пайдалану орындарының ластануы, 5382-сі абаттандыру ережелерін бұзу болса, 3570-і – жол жамылғысының ластану фактілері. Құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару, азаматтардың табиғатқа ұқыпты қарауын қалыптастыру, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын сақтау. Бұл іс-шара алдағы уақытта да жалғасады.