Ағымдағы жылдан бастап «Азия Авто» зауыты смартфонмен басқаруға болатын автокөліктер шығаруды жоспарлап отыр.
«Отандық автоөндірушілер енгізіп жатқан технологиялық шешімдердің бір бөлігі ретінде алғашқы тоқсанда «connected car», яғни «іске қосылған автомобиль» жобасы бойынша жұмыстарды бастаған «Азия Авто» зауытын ерекше атап өтуге болады. «Сonnected car»технологиялары — болашақ көлік жүйесінің дамуындағы негізгі бағыттардың бірі. Міне, жақын арада Өскемен зауытынан шыққан автомобиль иелері смартфондағы қосымша арқылы өз көліктерін басқара алады», — деді Олег Алферов.
Басқарма төрағасының айтуынша, Өскеменде құрастырылатын автомобилдердің техникалық жағдайын жеке смартфон арқылы қашықтықтан бақылауға, қозғалтқышты іске қосуға және тоқтатуға, жүксалғышты ашуға, жылдамдықты, температураны қадағалауға болады. Автокөліктерге телематикалық жүйелер орнатылады.