Басты бет / Жаңалықтар /
жаңбыр, су, су басу, су тасқыны, арық
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін еліміздің аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне орай найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады және қатты жел соғады. Солтүстік-батыста, елдің оңтүстік-шығыс тауларында қатты жаңбыр жауады.

Елдің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ғана антициклон сілемінен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, республиканың солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда – тұман түседі.

Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады, Қызылорда облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысында, Атырау облысының солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, қиыр шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облысының батысында, Ұлытау облысының батысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok