Премьер-министр Олжас Бектенов 8%-тік өсу қарқыны бар экономика салаларын атады.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар үкімет басшысынан ел экономикасының өсуі жайында сұрады.
Оның айтуынша, отандық экономиканың даму қарқынына күрделі геосаяси жағдай кері әсер етуі мүмкін. Қазақстанмен сауда жасайтын негізгі елдердің ішкі жағдайы да өз ықпалын тигізеді.
Қазіргі кезде экономиканың кейбір салаларында өсу қарқыны жаман емес. Мысалы, құрылыс, көлік пен байланыс салаларында 8%-ке жуық өсім бар. Сауда саласында өсу көрсеткіштері әзірше төмен болып отыр. Оған су тасықынының салдары әсер етті деп ойлаймыз. Бірақ ол көрсеткіштер бірте-бірте қалпына келіп жатыр, — деді Олжас Бектенов.
Осы орайда “өте жоғары өсу әлеуетіне ие салаларды” да атады. Олар: құрылыс, инфрақұрылым, өңдеу өндірісі жәре агроөнеркәсіп кешені. Сол себепті бүгінде осы салаларға ауқымды мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр.