19 сәуірдегі ауа райына болжам

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, екпінді жел соғады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды.

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.

Түнде Алматы, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 5-10 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +3+5°С, күндіз +16+18°С болады.                                                                                                                              

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С болады.

ДереккөзKazhydromet.kz