Басты бет / Қоғам /
84bf376d180b7323340144e5ff1a5f92 Ауыл мектептеріне Starlink интернетін орнатуға қанша қаржы жұмсалды
Ертіс ауылындағы жаңарған №4 мектеп

Ауыл мектептеріне Starlink интернетін орнатуға қанша қаржы жұмсалды

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ауыл мектептеріне Starlink спутниктік интернетін орнатуға қанша қаржы жұмсалғанын айтып берді.

Әр мектепке орнатылған жабдық пен абоненттік құрылғы 2,5 мың доллар тұрады. Тариф – айына 145 мың теңге, — деді ЦДИАӨМ телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов брифиңде.

Бұған дейін Қазақстанда жыл соңына дейін 2 000-ға жуық мектеп Starlink интернетіне қосылатыны хабарланған болатын.

Одан басқа OneWeb технологиясы елімізде байланыс станциясын орнатып жатыр. Олар 2025 жылдың басында осы қызметтерді коммерциялық негізде ұсына алады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram