Британиялық дәрігерлер шошқаның ағзаларын сәбилерге орнатпақ

Кейбір сәбилер ауыз қуысы мен асқазанын байланыстыратын жолдың ақауымен туылады. Ол ғылымда «өңеш бітеулігі» деп аталады. Дәрігерлер осындай жағдайда шошқаның траныспланттарын қолданбақ.

Бұл тәсіл Great Ormond Street Hospital  балалар ауруханасында келесі жылдан бастап қолданысқа енгізіледі. Олар өңеш бітеулігінің аса ауыр түрімен туылған 10 мыңнан астам сәбиге осындай ота жасауды көздеп отыр. Бір отаның құны шамамен 125,2 мың доллар болады деп жоспарланған.

Айта кетейік, өңеш бітеулігі әлі туылмаған, құсаққа біткеніне 20 апта болған балаларда да кездеседі. Алайда ота үш-төрт айлық сәбилерге жасалады.

«Бұл жаңа технология. Жүрек құлақшасына ота жасау кезінде бірнеше жылдар бойы шошқа транспланттары қолданылып келеді, алайда әлі ешкім өңеш бітеулігін емдеуде шошқалардың ағзасын қолданып көрген жоқ»,-  деді профессор Паоло де Коппи.

Зерттеуші топ алдағы уақытта асқазандағы қатерлі ісікті емдеуде де шошқа транспланттарын қолдануды қарастырып жатыр.

ДереккөзTass.ru