Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443–448 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444,7-446,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 443-448 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 31 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 444,79 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,95 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,89-4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,87-4,97 теңгеден сатылып жатыр.