Биылғы су тасқыны кезінде Қазақстанның су қоймаларына 12 миллиард текше метрден астам су жиналды.
Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиналған су экономика қажеттері үшін пайдаланылады. Еліміздің су шаруашылығы құрылыстары суды қауіпсіз өткізді және тасқын суды кейінгі жылдары құрғауға айналған сағаларға, көлдерге және басқа да су айдындарына жіберуге мүмкіндік берді, – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Сонымен қатар ол министрлік әзірлеген су саласын дамыту тұжырымдамасы тасқын суды басқару бойынша озық елдердің тәжірибелері зерттеле отырып, толықтырылатынын айтты.
Бұдан бөлек, тасқын суды басқаруды және құрғақшылық салдарын азайтуды көздейтін ұзақ мерзімді құжат әзірленеді.
Сонымен бірге елді мекендер үшін қауіп-қатерді көрсететін тасқын су қозғалысының электрон картасын және су мен су инфрақұрылымының жағдайы мен мөлшері туралы ақпаратты қамтитын су ресурстарын есепке алудың, мониториңдеудің және болжаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу жоспарланып отыр.