Басты бетЖаңалықтарЖаңбыр, бұршақ:...

Жаңбыр, бұршақ: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16-18 мамырға ауа райы болжамын жасады.

Синоптиктер алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжап отыр.

Оңтүстік циклон нөсер жауын алып келеді. 16-18 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 16 мамырда шығыста, 17-18 мамырда оңтүстік-батыста, 18 мамырда солтүстік-батысында қатты жаңбыр және бұршақ жауады, — делінген хабарламада

Тек солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда 16-17 мамырда жауын-шашын тоқтап, күндізгі ауа температурасы 18-25 градусқа дейін жоғарылайды.

Елдің басым аумағында ауа райы құбылмалы болғанымен, оңтүстік-батыстағы жылы ағын ауаны жылытып, температура фоны мамыр айындағы климатқа біртіндеп оралады.