Енді тальго пойызы Ақтөбеге дейін жүреді

«Астана-Қостанай» бағытындағы тальго пойызының бағдары Ақтөбе станциясына дейін ұзартылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.

Қазіргі кезде халық тарапынан осы бағдарға сұраныс жоғары. Осыған байланысты биыл 10 маусымынан бастап 81/82 «Астана-Қостанай» тальго жедел пойызының бағытын Ақтөбе станциясына дейін ұзартуға шешім қабылданды.

Пойыз күнделікті кезеңділікпен, Астанадан жұп күндер бойынша, Ақтөбеден тақ күндер бойынша жөнелтіледі, — делінген хабарламада.

81/82 пойызының жолындағы станциялар:

  • Астана; 
  • Атбасар;
  • Есіл;
  • Құсмұрын;
  • Тобыл;
  • Қостанай;
  • Хромтау;
  • Әйтеке би;
  • Никельтау;
  • Ақтөбе;

Айта кетейік, жолаушылар пойыздарына жол жүру құжаттарын алдын-ала 45-тен кем емес және пойыз жөнелтілгенге дейін 1 тәуліктен аспайтын мерзімде сатып алуға болады. Кеңейтілген маршрутқа билеттер сатуға шығарылды.