«Қазгидромет» РМК синоптиктері елімізде 1-2 мамыр күндері ауа райы қандай болатыны туралы жариялады.
Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, күн күркіреп, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.
«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлованың айтуынша, Қазақстанда 1-2 мамырда екпінді жел соғып, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі.
Скандинавия аймақтарынан соққан антициклонның әсерінен солтүстік, шығыс және орталық облыстарда ауа температурасы түнде -5 градусқа дейін күрт төмендейді, 1-6 градус аяз болады, күндіз +5-13 градус жылы болады, — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде.
Оның айтуынша, ауа температурасының түнде 2-7 градусқа дейін, аяз 2 градусқа дейін, күндіз 15-25 градусқа дейін төмендеуіне ықпал еткен суық ағындар біртіндеп республиканың оңтүстік аймақтарына ауысады.