Сианнан Алматыға жолаушылар пойызы қатынайды

Қытайдың Сиань қаласынан Алматыға жолаушылар пойызы қатынайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылары және Сиань қаласы үкіметінің (ҚХР) делегациясы қызметтік кездесу барысында Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын іске қосуды ұйымдастыру мәселесін талқылады, — деп жазылған хабарламада.

Туристік пойыз «Үрімші-Алматы-2» қатынасындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүреді.

Бұл пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн тұрақтайды. Осы уақыт ішінде Қазақстан азаматтары тарап жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын қолданып, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді.