Басты бетЖаңалықтарБатыс Қазақстан...

Батыс Қазақстан облысында судың көтерілу деңгейі тұрақталды

Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысындағы қазіргі су тасқыны жағдайы туралы тың мәліметпен бөлісті.

Азаматтық қорғау қызметтері Атырау, Ақтөбе, БҚО және СҚО-да су тасқынына қарсы және салдарын жою іс-шаралары мен халыққа көмек жұмыстары жалғасып жатыр. Батыс Қазақстан облысында судың көтерілу деңгейі тұрақталып жатыр. Су басқан өңірлерге мониториң жүргізу және патурльдеу үздіксіз жұмыс істеп тұр, — деді министрліктің ресми өкілі Асқар Шәріп орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.