Бүгін түнде Атырауда ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер 25 сәуірде елімізде болатын метеорологиялық жағдайға болжам жасады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, түнде Атырау қаласында ауа сапасы біршама нашарлап, метеожағдай жайсыз болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.