Су басқан өңірлерде 35 мыңнан астам адам үйіне оралды

Су тасқыны болған өңірлерде отандастарымыз үйіне қайта оралып жатыр. Дегенмен уақытша орналасу бекеттерінде 8,5 мыңнан астам адам қалып отыр.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігің ресми өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді.

Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 082 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 35 122 адам өз үйіне оралды және 8 520 адам эвакуациялау пункттерінде. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 634 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды, — деді Асқар Шәріп орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында судың көтерілу деңгейі тұрақталды.