Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда алдағы...

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда 25, 26 және 27 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік циклонның әсерінен 25-27 сәуір аралығында еліміздің оңтүстік жартысында, 25 сәуірде еліміздің солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынды, солтүстік-батыс қиырында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Қалған аумақта антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел соғады, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі.

Суық фронт бірте-бірте еліміздің оңтүстік облыстарына ауысады, онда ауа температурасының түнде 0-12 градусқа дейін, күндіз 10-20 градусқа дейін төмендеуі күтіледі, солтүстік облыстарда суықтың шарықтау шегі сақталады. 25 сәуірде мұнда термометрлер түнде 0-8 аязға дейін, күндіз 5-13 градусқа дейін төмендедеуі күтіледі, содан кейін солтүстікте күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарлауын бастайды, — делінген хабарламада.