Қазгидромет 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ел аумағында 25 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, қатты жаңбыр мен бұршақ жауады. Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, су қар), республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады. Елдің батысында, солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, — делінген хабарламада.

Қызылорда облысының орталығында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.