Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райының қолайсыз болуына байланысты «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының бірқатар бөлігіне шектеу қойылды.

Бүгін, 10 наурызда сағат 08.40-тан бастап республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының 12-216 шақырым аралығына көліктің барлық қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Ұлытау облысында ауа райы нашарлауы байқалып тұр. Жаңбырдан кейін жолдың жоғарғы қабаты бұзылған. Осыған байланысты республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының Қызылорда қаласының шекарасынан бастап Ұлытау облысының шекарасына дейінгі аралықта көліктің барлық қозғалысына уақытша шектеу қойылды, — деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.