«Қазгидромет» РМК синоптиктері 24 сәуір, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігіне Оңтүстік циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.
Сондықтан найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады.
Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі бар.