Басты бетЖаңалықтарТасқынға байланысты...

Тасқынға байланысты Қазақстанның бес өңірінде 11 жол жабық тұр

«ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы 08.30–дағы ақпаратты жариялады.

Оған сенсек, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан үш облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) жалпы ұзындығы 7 575 шақырым болатын сегіз жол учаскесінде су тасқыны болған.

Бес облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 356 техника мен 438 адам жұмыс істеп жүр.