Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 446–451 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 16 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 448,56 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,79 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446– 451 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 448,3–450,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,75–4,85 аралығында саудаланып жатыр.