Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда қар көшкіні жүрді

Фото: Shymbulak.com
Алматының Бостандық ауданында өздігінен қар көшкіні жүрді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Түскен қар массасының көлемі 5 000 текше метр болды. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қираған нысандар болған жоқ, — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі өңірде көшкін қаупі сақталатынын, сонымен қатар азаматтарды таулы жерлерге бармауға шақырды.