Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Атырауда түнде қыдырған 30 жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды

Фото ашық дереккөзден

Не болды?

Атырауда түнде қыдырған 30 жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Polisia.kz дерегінше, түнгі 22:00-ден кейін Жастар саябағы мен қаладағы өзге де қоғамдық орындарды тексеру кезінде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер ұсталды. Бір тәулікте түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілінің қарауынсыз 30 бала көшеде жүрген. Полиция олардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне заң бойынша әкімшілік шара қолданады.

Түнде көшеде жүрген жасөспірімдер жазатайым жағдайға ұшырап, төбелеске қатысып, қылмыс құрбаны болуы мүмкін. Ата-аналар балалардың бос уақытын дұрыс өткізіп, қайда жүргеніне назар аударуға тиіс, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыда балаларға ішімдік сатқан үш ойын-сауық орны жабылды.