Алматы облысының тауларында қар көшкіні қаупі сейілген жоқ

Алматы облысының тауларында 15–18 сәуір күндері қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Бұл туралы Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Қар көшкіні қаупіне байланысты Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан, туристер мен демалушылардан қарлы беткейге шықпауды сұрап, таулы жерде бүкіл қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Алматы облысының аумағында Іле Алатауы тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қардың мол түсуіне байланысты болады, — делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, өңірде ауа температурасы +18 градусқа дейін күн жылынады.