Не болды?
2027 жылы Хоңкоң — Алматы әуе рейсі ашылады. Бұл туралыBaribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Көлік министрлігінің мәліметінше, ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов пен ҚХР Хоңкоңдағы әкімшілік аудан басшысы Жон Лим кездесуде жаңа әуе рейсі туралы сөйлесті. 2027 жылдан бастап Cathay Pacific әуе компаниясы тіке рейс ашуды жоспарлап отыр. Хоңкоң — Алматы бағытында жолаушылар Airbus A330-300 деген ұшақ арқылы ұшады.
Анықтама
Cathay Pacific – Хоңкоңдағы халықаралық әуежай арқылы әлем бойынша 200-ден астам бағытқа жолаушы мен жүк тасымалдайтын компания.
Контекст
2 маусымнан бастап Астана – Ларнака бағытында, ал 4 маусымнан бастап Алматы – Ларнака бағыты бойынша ұшуға болады.
