Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Астанадағы Абай даңғылы мен Ә.Сембинов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Фото: Еgemen.kz

Не болды?

Астанадағы Абай даңғылы мен Ә. Сембинов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Астана әкімдігінің мәліметінше, Абай даңғылы мен Ә.Сембинов көшесінің қиылысындағы жолды жөндеу үшін көлік қозғалысы шектеледі. 2 маусым сағат 22:00-ден 3 маусым сағат 08:00-ге дейін жөндеу жұмысы жүреді. Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға көлік бағытын алдын ала жоспарлау керек екенін ескертті.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыдағы Мамыр шағын ауданында көлік қозғалысы 2,5 ай шектеледі.