Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алименттен жалтарған азаматтар құмар ойынға ақша тіккен

Фото: Еgov.kz

Не болды?

Батыс Қазақстан облысында алимент төлемей жүрген бірнеше борышкердің букмекер платформаға ірі көлемде бәс тіккені анықталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Облыстық прокуратураның мәліметінше, тексеру барысында алимент бойынша қарызы бар алты азаматтың құмар ойынға қатысқаны белгілі болған. Құмарпаздың бірі екі жыл ішінде букмекер жүйеге шамамен 5 миллион теңге тігіп, 3 миллион теңгеге жуық ұтыс алған. Алайда алимент бойынша берешегі 2,6 миллион теңге болған.

Расталған дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 139-бабы, яғни баланы күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Прокуратураның хабарлауынша, қабылданған шараның нәтижесінде биылдың өзінде 21 адам қылмыстық жауапкершілікке, ал 116 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Контекст

Естеріңізге салайық, шетелдегі Қазақстан азаматы алимент төлеуден құтыла алмайды.