Басты бетЖаңалықтарБүгін еліміздің...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады

«Қазгиромет» РМК синоптиктері 14 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстан территориясының басым бөлігіне орай Қазақстанның басым бөлігінде күн жаңбырлы және желді болады. Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты жаңбыр жжауып, еліміздің солтүстігінде түнгі сағаттарда жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады.

Тек республикамыздың шығысында антициклон жотасының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша найзағай, тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл күтіледі.