Жүргізушілер екі оттың ортасында қалғандарын айтады. Бір жағынан автопарк қожайындары жол ақысын ақшалай алуға міндеттесе, екінші жағынан тасмалдау холдингі тарапындағылар сол үшін айыппұл салып жатыр екен. Осындай әуре сарсаңда жүріп айлықтарының бұрынғысынша 25 000 теңгеде қалғанын айтқан.
«Ақша жинайтын адам жоқ. Жолаушы «Оңай» бойынша аысын төлемесе не істеуіміз керек? Мен осындай жағдайдағы жолаушылар жоқ дегенде ақшалай төлеуі керек деп ойлаймын. Меніңше әрік карточка бойынша немесе ақшалай төлем жүргізуді өзі таңдауы керек»,-дейді автобус жүргізушісі.
Алматы қаласы бойынша қоғамдық көлік басқармасының өкілі Ерлан Әділов болған жайтты үлкен мәселе емес деп біледі.
«Бұны қарсылық шарасы деп айтуға болмайды. Жай ғана ІІД мен тасмалдау холдингі біріккен түрде жол ақысын төлегісі келмейтіндерді заңға бағындыруға тырысты. Жүргізушілердің электронды төлемге қарсылығын түсінуге болады. Олар ақшалай алған кезде табыстары көптеу болған» ,-дейді Ерлан Әділов.
Жүргізілген рейдтің бірінші күнінде 172 адамға айыппұл салынған еді. Қаңтардың 11 мен 17 аралығында «Оңай» картасын 17505 млн теңгеге сатылған.