Су тасқыны: республикалық маңызы бар 13 жолда қозғалыс шектелді

Алты облыстың республикалық маңызы бар 13 жолында қозғалыс шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылғы 12 сәуір сағат 09.00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан төрт облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) жеті жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 8 695 метр болатын су тасқыны орын алды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, алты облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолында (ұзындығы 618 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 450 техника мен 853 адам жұмылдырылған,-делінген хабарламада.