Су тасқыны басталғалы 72 мыңнан аса адам эвакуацияланды

ТЖМ елімізде су басқан өңірлердегі жағдайға қатысты 2024 жылғы 7 сәуір сағат 10:00-дегі ақпаратты жариялады. Су тасқыны басталғалы бері азаматтық қорғаныс қызметтері 72 029 адамды, оның ішінде 16 078 баланы (45 мүмкіндігі шектеулі жан) эвакуациялады.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, уақытша орналасу пунктеріне қосымша 14 368 адам, оның ішінде 7 255 бала орналастырылды.

Төтенше жағдайлар, қорғаныс мининистрлігі және ұлттық ұланның әуе кемелері құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары республикалық жедел штабтың бақылауына алынған.