Құлсары қаласында жоғалып кеткен екі адамның денесі табылды

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті Құлсарыдағы су тасқыны кезінде жоғалып кеткен екі адамның денесі табылғанын хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылғы 6 сәуірде Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылғы ер адам досымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен аттанып, жолда аударылып қалған.

Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды. ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады, — делінген ведомство хабарламасында.