Басты бетЖаңалықтарЖеті өңірдегі...

Жеті өңірдегі тас жолда көлік қозғалысы ішінара шектелді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар тас жолдардағы су тасқынына қатысты мәлімет жариялады.

2024 жылғы 7 сәуір сағат 06:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының күрт жылынуы мен қардың қарқынды еруі салдарынан бес облыстағы (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) тас жолдардың 10 учаскесіне су жайылып, оның жалпы ұзындығы 3910 метрді болды.  Жеті облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 17 тас жолда (ұзындығы — 801 км) көлік қозғалысына шектеу енгізілді, — делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 297 бірлік техника мен 385 адам жұмылдырылған.