6 сәуірде арнайы брифинг барысында Қостанай әкімі Марат Жүндібаев қалада ТЖ режимі енгізілгенін жариялады.
Қала әкімі су басу қаупі жоғары аймақтарда тұратын азаматтарды алдын ала эвакуация жасауға шақырды.
Ауланы су басқанша күтіп отырудың қажеті жоқ. Жұрт «Бізде ондай болмаған, су көтерілсе іргетасқа дейін барады» дегенді айтып жүр. Жоқ, екі есе, тіпті одан көп (су — ред.) келе жатқан болуы мүмкін. Бүгін түсте бірінші ағын, ал кешке қарай тағы екінші толқын су келуі мүмкін», — дейді әкім «Наша газета» жергілікті басылымында жарияланған видеода.