Атырау облысында тағы бір жолды тасқын су басты

Атырау облысында Жем өзенінің суы «Құлсары-Мұқыр» бағытындағы жолды шайып кетті.

Бұл туралы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Атырау өңірлік филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылына дейін қатынайтын жолдың ұзындығы – 136 шақырым. Жем өзенінің арнасынан асқан су аталған жолдың 135-шақырымын шайып кетті, — делінген хабарламада.

Жолдың бүлінуіне байланысты «Құлсары-Мұқыр» бағытындағы жода көлік қатынасы тоқтады.