Синоптиктер ескерту жасады: Алматыда 6 сәуірде ауа райы күрт бұзылады

Алматыда 6 сәуірде сағат 17.00-ден кейін басталған нөсер жаңбыр келесі күнге дейін жалғасатыны болжанады.

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мұндай ауа райында ағаштардың құлау және электр желілерінің үзілу қаупі бар екенін ескеріп, жүргізушілерден көлікті жол шетіне қоймауды сұрайды. Сонымен қатар қалада көлшіктер пайда болмауы үшін арықтарға, су ағарлар мен арналарға қоқыс тастамау керек екені ескертіледі.

Қандай да бір учаскелерді су басқан жағдайда жедел ден қою шараларын қабылдау үшін қала тұрғындары аудан әкімдіктеріне хабарлауға немесе what ‘ s app желісіне хабарлама қалдыруға болады: +7 706 689 8898.