Басты бетЖаңалықтарСиноптиктер 5...

Синоптиктер 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 5 сәуір, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағы бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, сол себепті жауын-шашын жаумайды. Тек елдің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр жауады. Оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады, — делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жел күшейеді.

Түркістан облысында дауыл соғады.