Атырау облысының Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды. Тасқын су түнде Қосшағыл ауылдық округіне қарасты Қарағай елді мекеніне жеткен.
Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Жауаптылар түнде ауыл тұрғындарын аудан орталығындағы мектептерге эвакуациялады. Осыған орай балалар қашықтан оқуға көшірілді. Қарағай елді мекенінде 40 шақты үй бар.
Сонымен қатар Құлсары қаласындағы Болашақ ықшам ауданының тұрғындары да қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.
Аудан тұрғындары мен төтенше жағдай қызметкерлері күні-түні тынбай жұмыс істеп жатыр. Кеше облыс орталығынан 50 шақты сарбаз ауданға көмекке барды. Аудандық штаб жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын айтады.