Абай облысында өзен ортасында қалған үш адам іздестіріліп жатыр

Абай облысы Аягөз ауданындағы Қарағаш ауылының екі азаматы Борлы өзенін трактормен қиып өтпекші болған кезде батып қалған. Олар «Шалқар» шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай жолға шыққан.

Бұл туралы Абай облыстық ТЖД хабарлады.

ТЖД мәліметінше, ер адамдар жолды қысқарту үшін өзеннен өтуге тырысқан, бірақ олар өзеннің ортасында қалып қойған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына келген құтқарушылар тұрғындарды таппады.

Сонымен қатар 23 наурыздан бастап 1977 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша ол Аягөз өзенінен өтпек болған кезде, аттан құлап суға батып кеткен. Ер адамның „Шығыс“ шаруа қожалығына қарай жолға шыққаны анықталды. Ескерте кетейік, жоғалған азаматтар көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына еш қатысы жоқ, — делінген хабарламада.

27 наурыз күні сағат 18.26–да қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағымен Борлы өзенінің аумағын аэровизуалды ұшу жүзеге асырылды.

Іздестіруге ТЖД, полиция департаментінің, Абай облысының жергілікті атқарушы органдарымен, барлығы 82 адам, төрт жүзу құралы, тоғыз бірлік техника, төрт пилотсыз ұшу аппараты, жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Жоғалған азаматтардың отбасына ТЖД-нің психолог мамандары тарапынан көмек беріліп жатыр.