Абай облысында өзен суы көтеріліп, көпірді қиратып кетті

Абай облысы Аягөз ауданында өзен суы көтеріліп, көпірді қиратып кетті. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады.

Жергілікті маңызы бар «Аягөз-Бозай» жолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып, бір бөлігі қирады. Әзірге көлік қатынасы тоқтатылды. Сонымен қатар басқа айналма көлік жолдары арқылы елдімекенмен байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Полиция департаментінің қызметкерлері шектеу белгілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырды.

Халықты Аягөз өзені арқылы өткізу үшін ТЖД қызметкерлері жіберілді. Олар қажет болған жағдайда жүзу құралдарының көмегімен азаматтарды өткізіп отырады, — делінген хабарламада.