Елімізде 28-30 наурыз күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда 28, 29 және 30 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстандағы ауа райына Екатеринбург аумағынан келетін ауқымды циклон ықпал етеді. Республика бойынша жауын-шашын болады, таулы аймақтарда жаңбыр бұрқасынға айналуы мүмкін.

Оңтүстік өңірлердің тұрғындары 30 наурызға қарай ауа температурасының айтарлықтай төмендеуін сезеді. Сонымен қатар циклон елдің басым бөлігінде желдің күшеюіне әкеледі, солтүстікте көктайғақ күтіледі, — делінген хабарламада.