Алматыда бір қабатты үйдің шатыры жанып кетті

Алматыда бір қабатты үйдің шатыры жанып кетті. Өрттің аумағы 180 шаршы метр болды.

Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

23 наурыз Алматы қаласының Алатау ауданында бір қабатты тұрғын үйдің шатыры өртке оранды. Жалын 180 шаршы метр алаңды қамтыды. Үйдің жалпы ауданы — 450 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, — делінген хабарламада.

Өрт толығымен жойылды.

Өрт орнында ТЖД шамамен жеке құрамнан 55 адам және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды.