Қазақстан құрамасы Грекиядан жеңілді

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф ойынында Грекиядан 5-0 есебімен жеңілді. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қызметінен кету туралы шешім қабылдамағанын айтты.

Қазақстанның мен үшін орны бөлек. Мен сынды құрметпен қабылдаймын. Барлық жауапкершілік маған жүктеледі. Мен бүгін-ақ отставкаға кетер едім. Бірақ федерацияға деген көзқарасым ұстап тұр. Бұл мен үшін оңай шешім емес. Сыншылардың өз пікірін айтуға толық құқығы бар, – деді ол.

Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасына қол жеткізе алмады. Матч Грекия астанасы Афины қаласындағы «OPAP Arena» стадионында өтті.