Синоптиктер бес қаланың тұрғындарына ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК Алматы мен тағы төрт қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті.

2024 жылғы 19 наурызда Атырау, Ақтөбе, Алматы, Теміртау қалаларында, түнде Қарағандыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да