Синоптиктер 18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

ҚР басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, атап айтқанда, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі сынды ортақ табиғи құбылыс байқалады, ал батыс өңірде көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады деп күтіледі, — делінген хабарламада.